Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

"Аю"

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Антон Чехов

Әзіл-спектакль, ұзақтығы 1 сағат

Жолдасының қайтыс болғанына азалы болып отырған помещик-әйел Елена Иванқызы Поповаға көрші жердің иесі – жұмыстан босанған артиллерияның поручигі Григорий Степанұлы Смирнов кенеттен келеді. Ақшадан әбден қысылған ол Елена Иванқызының марқұм күйеуінің қарызын өтеуге талап етеді. Попова приказчик жұмыстарымен жол жүріп кеткеніне байланысты біраз күн күте тұруды сұрайды. Смирновқа кепілхат бойынша пайыздарды төлеу керек, сондықтан ол помещик-әйелдің үйінен кетуге бас тартады да, ұрыс-керіс шығарып, жесір әйелді жекпе-жекке шақырады. Попова шақыруды қабылдап, тапаншаларды әкеліп, Смирновқа оны қарудан атып үйретуді сұрайды. Елена Иванқызының бұл қылығы помещикті тамсандырғаны сонша, ол ғашық болып, сүйгендігін мойындайды. Попова да оған сүйіспеншілігін білдіртеді...

Рөлдерді ойнайтындар: Антонина Пяк, Мәдениет қайраткері; Роман Цой, Мәдениет қайраткері; Әлішер Махпиров; Ольга Цой; Наталья Цой; Надежда Цой; Георгий Юн, Мәдениет қайраткері.

Қоюшы-режиссер
Дмитрий Скирта
ҚР еңбек сіңірген әртісі

Режиссер көмекшісі
Роман Цой
Мәдениет қайраткері

Сахнаграфия
Юлия Чернова

Хореография
Анна Цой

Композитор
Георгий Юн
Мәдениет қайраткері

Спектакль корей тілінде орыс тіліне ілеспе аудармамен қойылады

Сурет