Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Театр

Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры 1932 жылы Ресейдің Қиыр Шығысында құрылған, 1937 жылы депортация негізінде Қазақ Кеңестер Социалистік Республикасының (ҚазКСР) Қызылорда қаласына ауыстырылды.
Біздің театр – әлемдегі алғашқы ұлттық корей театры және Корей түбегінен тыс жерде жұмыс істейтін, дара және жалғыз мемлекеттік корей театры. 80 жыл ішінде театр сахнасында қойылған 250 - ден аса спектакльдер мен концерттік бағдарламаларды 5 млн. астам көрермендер тамашалап көрді.
Театрдың репертуарында – ұлттық және қазіргі заман корей спектакльдері, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік драматургтердің қойылымдары. Барлық спектакльдер корей тілінде, орыс тіліне ілеспе аудармамен жүреді.
Театрда корей ұлттық өнерінің барлық жанрларын қамтыған кәсіби күштер топталған: драмалық труппа, «Самульнори» фольклорлы-этнографиялық топ, дәстүрлі корей биінің балеті және әнші- солистер қызмет етеді.
Қазақстанның өркендеген этномәдени саясатының жүйесінде, әр алуан қазақстан мәдениетінің лайықты бөлігі ретінде өзінің ұлттық сипатын, тілін сақтауда , әралуан этностық құрамындағы корейлердің мәдениетін байытуда театрдың еңбегі зор.

Театр директоры
Любовь Ни, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-режиссер
Олег Ли, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-режиссер
Роман Цой, Мәдениет қайраткері

Театрдың бас балетмейстері
Лариса Ким, II дәрежелі «Достық» орденінің иегері

Бас дирижер
Георгий Юн, Мәдениет қайраткері

Бас суретші
Юлия Чернова

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі
Цой Ен Гын, Мәдениет қайраткері

Труппа меңгерушісі
Зоя Ким, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

«Самульнори» фольклорлы-этнографиялық топтың жетекшісі
Евгений Ли