Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Тарих

Владивосток 1932 жыл, 9 қыркүйек. Қиыршығыс крайисполкомының шешімімен клубтық драмалық үйірмелердің негізінде ауыспалы корей театры болып ұйымдастырылды. Ол Қиыршығыс аймақтық корей театры деген ресми атауын алды. Ким Тхяй - театрдың бірінші директоры. Ол сол кездегі әлемдегі бірінші корей театры еді.
Ресми құжаттарда көрсетілген театрдың маңызды міндеті – корей пьесаларының негізінде спектакльдер қою. Бірінші бесжылдықтың ағымында театр сахнасында Ен Сен Неннің пьесасы бойынша корейлердің жапон милитаризміне қарсы күресі туралы «Дян Фен Дон Факелі», Тхай Дян Чун драматургінің шығармалары бойынша коллективизация туралы «Межа» және Кореядағы қарулы көтеріліс; Ли Ден Нимнің «Чун Хян қыз туралы аңыз», Цай Еннің «Сим Чен қыз туралы аңыз» спектакльдері қойылды.


1937 жыл, қыркүйек. Депортациядан кейін Қиыршығыс аймақтық корей театры труппасының бір бөлігі Қызылордаға, екіншісі – Ташкентке бөлінді. Қызылордада театр артистерінен «корей жұртшылығына қызмет көрсету үшін ауыспалы театрлық труппа» құрылып (егін себу және жинау кезінде колхозшылар алдында, мектеп оқушыларының демалыс кездерінде) артистер өз өнерлерін көрсетті. Қазақстандағы алғашқы жылдары театр сахнасында Тхай Дян Чуннің корей колхоздарының өмірі жайлы «Бақытты адамдар», Александр Корнейчуктің «Эскадраның құруы», Максим Горькийдің «Жаулар» пьесалары қойылды.


1940 - шы жылы труппа 3-ші дәрежелі Қызылорда облыстық корей музыкалық драма театры болып қайта құрылды.


1941 жыл 7 шілде. Театр репертуарына «қорғаныс тақырыбы» енгізіліп, Ұлы Отан Соғысы туралы әндер мен тақпақтар негізінде концерттік бағдарлама бекітіліп, театр артистері эвакуацияланған жұртшылық пен госпитальдардағы жаралылардың алдында өнерлерін көрсетті.


1942 жыл 3 қаңтар. Казсовнаркомның «көрермендер базасын қамтамасыз ету және өндірістік жұмыс жағдайын жақсарту мақсатындағы» шешімімен театр Қызылордадан Талдықорған облысы Қаратал ауданының Үштөбе станциясына көшірілді. Театр Талдықорған облыстық корей музыкалық драма театры деп атала басталды.


1942 – 1945 жылдары театрда Тхай Дян Чуннің Қиыр Шығыста Кеңес билігін орнатудағы корейлердің күресі туралы «Хон Бом До», Константин Финнің «Петр Крымов», Валентин Катаевтің «Көк орамал», Константин Симоновтің «Түндер мен күндер» және т.б. спектакльдері қойылды.

1950 жыл. Ташкенттегі және Талдықорған облыстық корей музыкалық-драма театрлары қосылып, Үштөбе станциясы Жаңа театрдың қонысына айналды. Театр шығармашылығында Кореяның даму мәселесі маңызды орын алды. Тхай Дян Чуннің «38 параллельден оңтүстікке» және Ен Сен Неннің «Корея жалында» спектакльдері қойылды.


1955 жылдың күзі. Корей театрының Алматыға, КСРО қалаларына гастрольдері.


1959 жыл 30 мамыр. ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Корей театры тағы да Қызылорда қаласына ауыстырылды. Театр Москвада ҚазКСР мәдениет және өнер декадасына қатысты.


1968 жыл. Алматыға көшу. Театр статусын өзгертіп, Республикалық музыкалық комедия театры аталды.


1982 жыл. Советтік театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін және құрылғанына 50 жыл толуына байланысты театр «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталды.


1989 жыл. Театрдың КХДР мен Корея Республикаларына гастролі.


1990 жыл. Театр Корей Республикасы Мемлекеттік Ұлттық Сеул театрымен бауырлас театры атанды.


1992 жыл. Бүкіләлемдік Ұлттық театр өнері фестивалінде (Сеул қ.) театр Хан Диннің «Ағашты шайқалтудың қажеті жоқ» спектаклі үшін бірінші жүлдеге ие болды.


2002 жыл. 70 жылдық мерейтой. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың театр ұжымымен кездесуі; театрдың жаңа ғимаратын презентациялау.


2005 жыл. Театр Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


2006 жыл. Театр ұжымы Германия мен Корея Республикасында Халықаралық театр өнері фестиваліне қатысты.


2007 жыл. Театрдың 75 жылдығы. «Естелік поезд» (театр артистері қиыршығыс корейлерінің жүрісін қайталап, гастрольдермен Ресейдің Владивосток және басқа қалаларында болды), «Диаспора жолы» (Қазақстанның барлық облыс орталықтарында театр труппасы қойылымдар көрсетті) жобаларын іске асырды.


2010 жыл. Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры Сеул қаласында «Жібек жолы» Халықаралық театр фестивалін өткізуді ұсынды. Фестивальге Қазақстанның төрт театр ұжымы қатысты: М. Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры, М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ғ. Мүсрепов атындағы балалар мен жасөспірімдер қазақ театры және Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры.


2011 жыл. «Жібек жолы» Халықаралық театр фестивалі шеңберінде корей театры сахнасында Корея Республикасының  әртістері «Мулкел» және «Котхи» қойылымдарын көрсетті.


2012 жыл. Театрдың 80-жылдық мерей тойы.