Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

"Хын Бу мен Ноль Бу"

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Тхай Дян Чун

Музыкалық комедия, ұзақтығы 1 сағат 15 минут

«Хын Бу мен Ноль Бу» пьесасы корей классикалық туындыларға жатады. Алғаш рет 1940 жылдары қойылған. Бұл екі ағайынды туралы аңыз – жақсылық пен жамандықтың мәңгілік тартысы. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін ағасы Ноль Бу барлық дүниені басып алып, Хын Буды үйінен қуып шығады. Хын Бу құтқарған қарлығаш оған оның мейірімділігі үшін асқабақ дәнегін береді. Ғажайып асқабақтан шыққан мейірімді пері әділеттікті қалпына келтіреді...

Рөлдерді ойнайтындар: Эдуард Пак, Мәдениет қайраткері; Антонина Шегай; Әлішер Махпиров; Галина Ким, Мәдениет қайраткері; Галина Хан; Юлия Ни; Виталий Нам; Динара Әлімсеитова; Надежда Цой; Наталья Ли; Майя Ли; Ольга Цой; Анна Цой; Борис Югай.

Қоюшы-режиссер
Роман Цой
Мәдениет қайраткері

Композитор
Георгий Юн
Мәдениет қайраткері

Сахнаграфия мен сахна киімі
Юлия Чернова

Хореография
Надежда Ким

Спектакль корей тілінде орыс тіліне ілеспе аудармамен қойылады.

Сурет