Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

"Ғасырлар арқылы өткен Хон"

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Олег Ли (Тхай Дян Чунның «Хон Бом До» пьесасы бойынша)
Ұзақтығы 1 сағат 20 минут

Ол Кореяда туып өскен, сегіз жасында жетім қалып, қарапайым аңшы болып тіршілік еткен. Отанында жапондықтарға қарсы көтерілісті басқарып, Қиыр Шығысқа қашуға мәжбүр болған. Теңіз маңында Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқан. Ленинмен де кездескен. Ұлы Отан соғысы жылдары әскерге жазылуға өзі тіленген. Ғұмырының соңғы жылдарын Қызылордада Корей театрының пеш жағушысы болып қызмет етеді. «Ғасырлар арқылы өткен Хон» драмасы Хон Бом Доның 145-жылдығына арналып, көзі тірі кезінде аңызға айналған тұлға туралы баяндайды.

Рөлдерді ойнайтындар:
Хон Бом До (1941 жыл) - Эдуард Пак, мәдениет қайраткері
Хон Бом До (1912 жыл) - Игорь Шин
Ил Нам, жасақ - Станислав Ли
Хо Нам, жасақ - Борис Югай
Вол Хян, гейша - Елена Ким, мәдениет саласының үздігі
Хон Бом Доның әйелі - Антонина Шегай
Санитар әйел - Галина Ким, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің кавалері
Су Нег - Марина Жумашева
Комендант Ямадо - Алишер Махпиров
У Дин, жапондық агент - Виталий Нам
Вон Хын, Ямадо хатшысы - Георгий Юн, мәдениет қайраткері
Жапон сарбазы - Борис Югай
Әскери комиссар - Роман Цой, мәдениет қайраткері
Әскери дәрігер - Антонина Пяк, мәдениет қайраткері; Галина Хан
Сержант - Станислав Ли
Сарбаз - Игорь Шин

Қоюшы режиссер
Олег Ли, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Қоюшы-суретші
Юлия Чернова

Композитор
Георгий Юн, мәдениет қайраткері

Хореограф
Лариса Ким, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің кавалері

Спектакль корей тілінде орыс тіліне ілеспелі аудармамен қойылады