Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Көне Корея өнері

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

«Көне Кореядан – қазіргі заманға» – осылай Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының және Корея Республикасының рухани құндылықтарын сақтау орталығы ұйымдастырған дәстүрлі көне корей өнерінің театрландырылған қойылымы аталған.
Сахнада бірегей халық ойын-сауығы «Пукчен саджа нори» (сөзбе сөз – «Пукчен қаласының арыстандар ойыны») көрсетілді. Алайда басында орталық қызметкерлері халық әндері мен билері жөнінде сабақ өткізді. Сабақтың нәтижесі ретінде есептік концерт қойылды, мұнда көрермендер алғаш рет минё корей халық әндерін тыңдап, түрлі мерекелерге арналкған халық ойын-сауықтарын, арыстандар биін және басқа да маска киген кейіпкерлерді тамашалады.
– Қазақстанда көне минё нақышында ешкім ән салмайды, сондықтан бізге жаңа нәрсе үйрену қызық болды, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театрдың солист-вокалшысы Зоя Ким.
Оның айтуынша минё – жай бірқалыпты әуен мен екпінді ырғақты қосылған бірегей фольклорлы жанр. Мұндай әндер халықта ауызекі таралған. Бұл нақыштағы ең танымал туынды – «Ариран» әні, оның бірнеше нұсқасын корей театрының Антонина Шегай, Зоя және Елена Ким сияқты әртістері, сондай-ақ «Самульнори» фольклорлы-этнографиялық тобы орындады. Театрландырылған қойылымның бірегейлігі – әртістердің ән мен бидің көне және сирек кесдесетін (Кореяның өзінде де) түрлерін орындағаны.
Рухани құндылықтарын сақтау орталығының президенті И Гил Бэ мен корей театрының директоры Любовь Ни мақсат-талап хаттамасына қол қойды. Енді орталық қызметкерлері Алматыда жыл сайын дәстүрлі ұлттық корей өнерінің көне түрлері бойынша сабақ өткізіп, ал театр әртістері Кореяда тағылымдамадан өтіп отырады.

Раушан Шулембаева

Қайнар көзі: "Казахстанская правда" жалпыұлттық күнделікті республикалық газет