Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Өзіңе апаратын жол

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Өткен жексенбіде Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрында театр маусымының жабылу салтанаты өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша әртістер көрермендер назарына жаңа қойылым ұсынды. 81-ші театр маусымының шымылдығын жапқан жаңа қойылым қазақстан драматургы Лаврентий Сонның пьесасы бойынша қойылған «Ким – сирек кездесетін тек» спектаклі.
Автордың сөзі бойынша сахнада қойылған оқиған
ың деректі негізі бар. Бұл оқиға өткен ғасырдың 60 жылдарында Мойынқұм шөлінде, Лепсі ауылының маңында орын алған. Алайда өзінің өзектелігін жоғалтпай, қайта қазіргі заманның ағымына сай жанданды.
Тағдыр екі Кимнің басын қосады – бірі: күн көріске әбден ебдейсек, қу Димдимыч (Роман Цой), екіншісі: қиялшыл-максималист Олег (Борис Югай). Бірге аттанған сапардың (олар қайырымдылық жүк - алмаларды балалар үйіне апару керек болатын) басында оларды тек олырдың бірдей тегі бірлестірген. Сөзге керісіп қалу, өзара түсініспеушілік, «балалар мен аталар» атты мәңгілік айтыс-тартыс. Жасы үлкен Кимге жігіт тым түзу әділ және адал болып көрінді. Ал жас мұғалімге алысқа қатынайтын жүргізушінің барлық жерде өзіне пайда іздейтін іс-әрекеті ұнамады. Ертеректе айтылғандай, адамның мінез-құлқы жол үстінде ашылады – жақсы жағынан да, жаман жағынан да. Ыстық қазақ даласында сапарға шыққан екі жолаушыға жанының түпкіріндегі өзін өзі тануға, өзі туралы көп нәрсе үйренуге және қоршаған әлемді танып білуге мүмкіндік туады.
Түңгі аспанның астында сырласу әр кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашады. Келіспеушіліктеріне қарамастан, екі Ким бір біріне көмекке келуге дайын. Шөлде адасып, көмек күтіп отырған екеуі, Жер бетіне көп уақыт ғарышта өткізгеннен кейін қонған ғарышкерлерді кезіктіргендер болып шығады.
Соңғы көріністер Димдимычты сақшылар ұстап ертіп бара жатқан кезде, жас Ким оның жолсерігі жақсы адам екенін және оған көмектескісі келгенін түсінеді. Кейіпкерлердің ары қарай тағдыры туралы көрермен өзі ойлану үшін айтылмаған.
- Бүгін алғаш рет Корей театрының әртістерінің спектаклін көрдім. Бұған дейін тек театрландырылған қойылымдар мен спектакльдерге келетінмін, - деп айтты бізге көрермен Дмитрий Ким.
Айтқандай, театрдың жас әртісі Борис Югай үшін физика пәні мұғалімі алғашқы үлкен рөлі. Қойылымда сонымен қатар Алёна Ким (Бастық), Галина Ким (Тергеуші), пысық гаражды меңгеруші Нелли Гурамовнаның рөлінде Марина Жумашева, Галина Хан (Қарауыл), Күдікті кісі рөлінде Игорь Шин.
«Ким – сирек кездесетін тек» пьесасы ықшам пішінді спектакльдер түрінде берілді, яғни онда әртістер саны аз, сахна безендірілуі де көп емес. Өткен жылы Корей өнер ордасында осындай пішінде француз жазушысы Антуан Роның «Бәрі қайтадан» пьесасы бойынша қойылым болды.
- Негізі, кейбір жағдайларға байланысты, бүгінгі спектакль асығыс қойылды, - деді қоюшы-режиссер ҚР мәдениет қайраткері Роман Цой. – Сондықтан актерлерге өте қиынға түсті, мен әртістерге алғысымды білдіргім келеді, әсіресе, жастарға, осындай жоғары деңгейде өнер көрсету үшін бар күштерін салды.
Корей театрының труппасы қысқа жазғы демалысқа шықты, бір айдан кейін олар «Коре ильбо» газетінің 90 жылдығына арналған салтанатты кешті дайындауға кіріседі.

Ирина Сен
Қайнар көзі: "Коре ильбо" республикалық газеті