Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Өмір мен махаббат драмасы

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Мемлекеттік корей театры жаңа қойылым 1938 жылы атылып кеткен танымал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың қайғылы махаббаты туралы баяндайтын драма «Әйел махаббатын» ұсынды.
Драма шығармашылық жолы қиын әрі азапты болған ақынның өмірінде болған шын оқиғаларға негізделген. Пьесаның авторы - жазушы-драматург Жұмагүл Солтиева театр директоры Любовь Ниден туындыны сахнада қоюға ұсыныс түскенде бірден келіскенін айтты. Рухтандырушылық пен адамгершілік тақырыптары ол үшін әрқашан басты болатын.
Спектакльдің басында көрермен залы қараңғы, сахнада тек төсек тұр, еденде Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері жазылған қағаздар жатыр. Олардың үстінен Зылиқа (актриса Елена Ким), ақынның әйелі, сенделіп отыр. Ол бірде жанталаса бір нәрсені іздеп, бірде қолына түскен қағаз беттерін сүйіспеншілікпен сипап, таныс өлең жолдарын оқып қоймайды. Сүйікті күйеуінің аяулы дауысы қайта қайта оған осы сезімдерге толы, батыл өлеңдерді оқып жатқандай...
Алайда бөлмеде кенеттен ақ киім киінген ұзын шашты қыз пайда болады. Кім бұл? Бәлкім, ішкі «мен» әлде күйеуі мен қоштасу сәттің соңғы сағаттарын қайталап еске түсіретін инабат па екен? Зылиқа Мағжанның (Әлішер Махпиров) оны құтқару үшін ажырасуға көндіру үшін ақыл айтқан өткір сәтті есіне түсіреді... Оны тұтқынға алардың алдында екеуі соңғы билерін тек оларға ғана естіліп жатқан әуенге билейді.
Пьеса авторы қайғы тосыннан келетін, тіпті досың шағымшы болатын үрейлі қуғын-сүргін жылдарын сипаттады. Кішіпейіл көршісіне (Эдуард Пак) сеніммен қараған Зылиқа ол ҰІІК-не олардың үстінен шағымданғаны туралы жаны күйіп біледі. Ал ақынның ісін жүргізген тергеуші оның жаңа өлеңдерін оқығаннан кейін өзінің өміріне қауып төндіретіне қарамастан келе жатқан қауіп туралы ескертуге келеді.
- Сендерде тұтқыннан құтылу үшін бір ақ түндерің бар, - деп айқайлайды ол Мағжанға. - Ертең кеш болар!..
Бірақ ақын көнбеді, тұтқынға алынғаннан кейінгі тағдыры көп уақыт бойы белгісіз болды. Адал Зылиқа күйеуінің өлеңдерін жинап, қолжабаларды, жастық, көрпелерге тігіп, шатырдың астына тықты. Осылайша ол оның мұрасын сақтай алды...
Спектакльде сахна көркі аз жасалды. Адам баласының азап шеккенін және қайғының тереңдігін режиссер Елена Ким (ол өзі Зылиқаның рөлін орындады) бірінші кезекте дарынды актерлік ойын, көлеңке мен жарықтың сәтті қойылуы, театрдың бас дирижері, композитор Георгий Юнның керемет музыкалық сүйемелдемесінің арқасында көрсете білді.

Раушан Шулембаева, "Казахстанская правда" жалпыұлттық күнделікті республикалық газет