Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Сіздерге, сүйікті арулар!

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған өткен жылдардың романстары мен әндер кеші өтті.
Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрында осындай атаумен Халықаралық әйелдер күніне арналған өткен жылдардың романстары мен әндер кеші өтті.
- Алдымен біз тек өз күшімізбен концерт өткізейік дедік, - деп мойындайды қоюшы-режиссер, ҚР еңбек сіңірген әртісі Олег Ли. – Бірақ сұлу аруларымызсыз біз ештеңе де жасай алмайтынымызды түсіндік!
Олег Лиге көмекке ҚР халық әртісі Зоя Ким келді. Әншілерге фортепианода музыкалық сүйемелдеу көрсеткен театрдың бас дирижері Георгий Юн.
Романстар кеші айрықша жылы лебізде өтті. Кешті «Премиум» квартетінің мүшелері ашты. Олар көрермендерге осындай мереке күні сүйікті әйелдерін қалай құттықтайтын туралы баяндап берді.
- Мен жарыма өзімнің аспаздық шеберлігімді көрсетпекпін. Мысалы, шұжықпен қуырылған уыздық, - деді Сергей Ким.
- Ал мен баламмен біздің сүйікті мамамызды барлық үй тірлігінен босатамыз, - деді Олег Юн.
Осындай шын жүректен шыққан сөздерден кейін, әншілер «Очарована, околдована» және «Скажите, девушки, подружке вашей» атты романстарды орындады. Күміс танаулы жас әнші Майя Ли «Ардағым» әнімен барлық көрермендерді тәнті етті.
Романстар кешіне барлық туындылар мұқият қаралып таңдалды. Корей театрының сахнасында жарты ғасыр бұрын орындалған әндер орындалды – Георгия Юнның музыкасына және Ян Вон Сиктің өлеңдеріне жазылған, Елена Кимнің орындауында «Жди меня; Зоя Кимнің орындауындағы Ен Сен Неннің өлеңдеріне жазылған сазгер Виктор Кимнің «Вечерняя мелодиясы».
Романстар кешінде жаңа дуэттер пайда болды. Елена Ким Олег Юнмен бірге «Старый клен» әнін орындады. Ал Станислав Ли мен Илона Тен Мүслім Магомаевтың әйгілі өлеңі «Ноктюрнді» орындап, көрермендердің жүректерін жібітті.
- Біздің дирижер және сазгер Георгий Юнмен осы кештің жобасын бастағанда, біздің әншілер өздерінің ойларын, жаңа әндерін ұсына бастады, - дейді қоюшы-режиссер Олег Ли, - Осылайша барлық ұжымның шығармашылық үйлесімділігімен осындай керемет ән кеші қойылды. Қазір театр әртістері жаңа концерттік бағдарламаның жобасын жасауда. 20 наурыз күні «Сәлем! Сәлем! Сәлем!» атты Наурызға арналған театрландырылған қойылымды ұсынамыз. Корей театрында кездескенше!

Любовь Нам, суретке түсірген Виталий Чернов
Қайнар көзі: республикалық газет "Коре ильбо"