Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Қыз әкесін жақтайды

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрында Цой Ен Гынның пьесасы бойынша қойылған «Сим Чен ден» атты мюзиклдың тұсаукесері өтті.
Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрында Цой Ен Гынның пьесасы бойынша қойылған «Сим Чен ден» атты мюзиклдың тұсаукесері өтті. Сим Чен туралы хикая - классикалық корей әдебиетінің танымал шығармасы. Пьесаға арқау болған оқиға көне заманнан бері белгілі. 17-18 ғасырларда бұл хикая дербес әдеби туындыға айналды.
- Бұл спектакль Шығыстың салт-дәстүрі туралы. Сол дәстүрдің бірі – қария ата-анасы үшін риясыз құрбандық ету – қойылымның идеясы мен лейтмотивіне салынған, - деп, бізге қойылым туралы баяндады спектакльдың қоюшы-режиссері, театрдың бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Олег Ли.
«Сим Чен қыз туралы аңыз» атты спектакль (Цой Енның пьесасы бойынша, режиссері Цой Ен) 1936 жылы Корей театры Ресейдің Қиыр Шығысында орналасқан кезінде-ақ қойылған еді. Ол кезде әңгіменің тұрмыстық сарынына көп көңіл бөлінді. Спектакль тағы да бірнеше рет түрлі баяндалуда 1947, 1968, 1973, 2008 жылдары қайта қойылған. Қойылымда Ли Хам Дек, Ли Ген Хи, Ли Ен Су, Пак Чун Себ, Майя Пак, Софья Пак сияқты Корей театрының жетекші әртістері рөлдер ойнаған.
- Цой Ен Гын театрдың әдеби бөлімін басқарып жүріп, бай халық фольклорына сүйемелдеп «Сим Чен ден» пьесасын жазды. Оның негізінде жарқын мюзикл қоюға болатыны, онда театрымыздың барлық шығармашылық ұжымы өз өнерін көрсете алатыны, актерлік болсын, музыкалық я би билеу, бізге анық еді, - дейді Олег Ли.
Театр әртістері өз өнерлерін барынша көрсетуге жан дүниесімен кірісті. Антонина Щегай әкесінің көзі ашылу үшін өз өмірін қиюға дайын қарапайым шаруа қызы Сим Ченнің әсерлі кейпін керемет сомдады.
- Маған бұл кейіпкердің рөлі жақын, мен осындай лирикалық рөлдерді ойнағанды ұнатамын. Сим Чен әкесін қатты жақсы көреді, ол үшін өз өмірін құрбан етеді. Бұл қыз өте сезімтал, шешесіз өссе де әкесінің барлық жасағанына риза болған бала. Оның әкесі анасының жоқтығын білдіртпей, бар сүйіспеншілігімен қызын алақанына салып өсірген, - дейді Антонина Щегай
Сим Бон Са –Сич Ченнің соқыр әкесі. Эдуард Пактың сомдауындағы шал көрермендердің жан дүниесін өзінің мүгедектігімен емес, өзінің қызына деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі. Жарқын мінезді, екпінді ойнайтын Елена Кимнің орындауындағы Пян Дек аяр әрі дүниеқор Сим Ченнің апайы ғана емес, сонымен қатар үнемі күйеубала іздеп жүретін тартымды, жалынды кейіпкер. Монахтың рөлін ойнаған театрдың бас дирижері Георгий Юнның ойынын атап өткен жөн. Оның қойылымдағы рөлі басында байқалмағанымен, дәл осы кейіпкер Сим Ченді суасты палташылығына Айдаһар Лимдан Суға жібереді.
Сонымен қатар Георгий Юн спектакльдің музыкалық сүйемелдеуін дайындаған.
- Бұл қойылымдағы басты қиындық – ән айтумен қатар бізге әндегі барлық эмоцияларды көрсетіп, актерлік шеберлікті көрсету, - дейді Антонина Щегай. – Георгий Юн спектакльге керемет музыка жазды, бұл музыканың өзі қойылымның барлық эмоциялары мен көңілін білдіреді.
- Театрымыздың дарынды сазгері Георгий Юн мен бас балетмейстер Лариса Кимге алғыс айтқым келеді, - деді Олег Ли. – Барлық қиын жұмысты өздеріне тән шеберлікпен жасаған осы кісілер. Олар жасаған жұмысқа шыны керек менің қосарымда жоқ болды. Осылайша театр ұжымының үйлесімді шығармашылық жұмысына байланысты осындай әсерлі әрі көрерменнің көңілінен шыққан туынды пайда болды.

Александр Хан, суретке түсірген Виталий Чернов
Қайнар көзі: республикалық газет "Коре ильбо"