Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Егер соғыс болмағанда...

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Жеңіс күніне арналған «Егер соғыс болмағанда...» атты театрландырылған қойылым Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрында өтті.
Он жылдан астам жыл сайын Корей театры қайырымдылық негізде ҰОС ардагерлері мен еңбек майданының қатысушыларына қойылымдар көрсетіп келуде.
- Мұндай іс-шара – бұл біздің ата-бабаларымыздың жасаған ерлігі үшін көрсетілген құрмет, - дейді театр директоры Любовь Ни. – Өзінің өткенін ұмытқанның болашағы жоқ деп бекерге айтпайды. Біз бұл жобаның жұмысын ұжымыыздың жастарына тапсырдық. Оларға бұл отаншылдық мектебіне айналды. Біздің жастар сол кездің уақыт ағымына сүңгіп, мектеп табалдырығынан бірден майданға аттанған құрдастарының өмірін көре алды. Сценарий авторы және қоюшы-режиссер Надежда Ким әлі де Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр өнері факультетінде оқып жүр, бірақ екінші жыл оған Жеңіс күнінің қойылымын жасау тапсырылуда.
- Мен үшін бұл үлкен құрмет, - деп мойындады Надежда. – Себебі 1932 жылы Қиыр Шығыста Корей театрының негізін қалағандардың бірі менің атам. Соғыс жылдарында атам майдан бригадаларының құрамында алғы шепке концертке беруге жіберілген. Мен де енді сол кездегі оқиғаларға да қол тигіздім. Өткен жылы біздің концертте мұңды туындыларға толы болды, көп ардагерлер соғыс жылдарының әндерін тыңдап жылаған. Алайда сол қаһарлы жылдардың өзінде адамдар әрқашан достық, махаббат, әзілге уақыт тапқан. Сондықтан жаңа концерттің бағдарламасы позитивтік сарында өтпек.
Қойылымға солист-вокалшылар, драма әртістері және балет труппасы қатысты. Барлығы құлшыныспен жобаны іске асырды. Теарландырылған қойылымның негізіне соғыс жылдарының әдеби туындылары және майдан әндері «Темная ночь», «Смуглянка», «У деревни Крюково», «Баллада о матери» және басқалары жатты. Бұл туындыларды жас әртістер, олардың ішінде – Виталий Ли, Олег Юн, Ольга Цой, Станислав Ли және басқалары орындады. Оларды қолдауға атақты және сүйікті әншілер Вениамин Ли, Илона Тен, Зоя Ким де келді.

Оксана Бондаренко
Қайнар көзі: «Вечерний Алматы» газеті

Корей диаспорасының ішінде соғысқа қатысқандар аз – репрессияға ұшырағандарды майданға алмаған. Бірақ еңбек армиясына үлкен демей, кіші демей барлығын жіберген.
Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрында ардагерлер мен еңбек майдангерлеріне арналған «Егер соғыс болмағанда...» атты қайырымдылық театрландырылған қойылым өтті. Бұл күні сахнада сол жылдардың әйгілі әндері Темная ночь», «Синий платочек», «Жди меня», «В землянке», «Смуглянка», сондай-ақ «У деревни Крюково», «Баллада о матери» және тағы да басқа көптеген туындылар орындалды. Залда жасы үлкен кісілер көздеріне келген жасты сүртіп, жастық кезін, орындалмаған армандар мен жоғатлқан махаббатарын еске алып отырды... Олар әлі де еңбек майданында өткізген жылдар туралы көп айтқысы келмейді. Еңбек майданы туралы ертеректе айтылмаған, кейіннен оқулықтарда бұл майданды халыққа қарсы репрессия деп атаған. Бұл жылдар олардың еңбек кітапшаларында жазылмағанмен, жүректерінде өшпес із қалдырды. Бүгін олар Қазақстанда еңбек майдангерлерін Ұлы Отан Соғысының ардагерлерімен теңестіргеніне әбден риза.
Театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Любовь Ни соғыс туралы сол жылдары бала болған ата-анасының әңгімелерінен естіген дейді. Олар Қаратал ауданындағы «Қиыр Шығыс» совхозында, Үштобенің маңында, тұрған екен. Егін ору кезеңінде балалар егістікте жүріп, әрбір жерге құлаған дәнді теріп, майданға барлық астықты жіберген. Балалық шағында аштық пен тапшылық көрсе де, ешкім бір де бір дәнді өзіне қалдыруға деп ойланбаған да. «Менің ата-анам аш жүре беретін едік, тек осы соғыс аяқталса екен деп айтатын», - деп еске түсірді Любовь Августовна.
Театрландырылған қойылымда әртістер өлең кейіптерін, жауынгерлер мен олардың аналары жаған хаттары бойынша келтірілген суреттерді жандандыра білді. Соғыс киімі, сол жылдардың қаруы, алау, би мен музыка көрермендерді біздің ата-бабаларымыз тек жаумен айқасып қана қоймай, сонымен қатар тәулігіне 20 сағаттан далада, зауыт-фабрикаларда Жеңіс үшін жұмыс істеген соғыс жылдарына сапар шектірді.

Раушан Шулембаева
Қайнар көзі: жалпыұлттық күнделікті газет «Казахстанская правда»