Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Дүние жүзінің шығармашылық зертханасы

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрында ІІ Республикалық ұлттық театрлар фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Біздің қалаАстанадан кейін бірінші болып осындай үлкен театр форумын өткізді.
- Міне ІІ Республикалық ұлттық театрлар фестивалінің төрт күні де өтіп кетті. Біздің көпұлтты халқымыздың салт-дәстүрін сақтай келе олар өзінің ұлттық мәдениетін арттыруда, - деді өзінің сәлемсөзінде облыс әкімінің орынбасары Бейсембай Жұмабеков. – Сіздер классика мен қазіргі заманды көрсетіп, дәстүр қалыптастырып, көпұлтты Қазақстан халқының дарындылығын ашып жатырсыздар. Сіздерге осы кездесулер, жастардың тарихқа деген құрметін өсірген өнерлеріңізге, Қазақстан Республикасының ынтымағы мен бірлігіне қызмет еткендеріңіз үшін мың да бір алғыс айтқымыз келеді!
Бейсембай Қуанышұлы барлық қазылар алқасына облыс әкімінің алғыс хаттарын ұсынды. Аудан басшысының алғыс хаттары барлық театрларға да берілді. Фестивальдің төрт күні де қазақ және орыс драма театрларының залдарында аншлагпен өтті. Фестивальді С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының Ғ. Мүсірепов трагедиясы бойынша «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымымен ашты. Театр қазылар алқасының шешімі бойынша «Этникалық дәстүрді сақтағаны үшін» номинациясында жүлдегер атанып, 240 мың теңге ақшалай сыйлық ұтып алды. Марапаттау рәсімінде театр «Ақ Баян» әнін орындады.
«Тарихи естелік тақырыбына бет бұрғаны үшін» сыйлығын К. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры «Ана мираси» спектаклімен жеңіп алды. Театр әртісінің орындауындағы ұйғыр биі көрермендерді тәнті қылды. Олардың артынан біздің орыс театрының үш актрисасы шықты. «Театр өнеріне көпжылдық қызметі үшін» дипломдары және 80 мың теңгелік ақшалай сыйлықтар біздің көрермендерге таныс «Үш сұлу» спектаклінің прималары Тельма Федоренко, Нелли Штоколово және Ирина Городковаға берілді. Біздің театр көрсеткен «Бальзаминов үйленуі» спектаклінен үзінді жабылу салтанатын шүбәсіз жайнатты.
Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрының қойылымындағы «Жанзадағы той» комедиясы Өзбекстандағы жадататын тойлар мен жерлеу рәсімдері туралы өзекті мәселені ашады. Оның басты кейіпкері – Түркаш шал әлі тірі болса да, «қамқоршыл» ағайындары оған салтанатты жерлеу рәсімін ұйымдастырып қойған екен. Ал келесі көшеде үйлену тойланып жатыр екен, ал жоқтаушылардың дауысқа салып бауырымдауы той иелерінің жайдарлы көңіл күйін бұзбақ. Осыған орай көптеген күлдіргі жәйттар пайда болып, оларды осы нағыз халықтық, қарабайыр театрдың актерлері тамаша ойнады. Спектакльдің соңында тірілген Түркаш ар-ұяттың дауысы ретінде «Ойланыңдар, халайық! Бауырларыңызды көзі тірі кезінде де, о дүниеге аттанған кезінде де жәбірлетпеңдер!» дейді. «Қазіргі заман ұлттық драматургиясын меңгергені үшін» сыйлығы жақында қалыптасқан ұжым үшін лайықты марапат. Ал көңілді өзбек әні залда отырған актерлерді биге желіктірді. Мың бұралған сұлуларға Сәкен театрынан ҚР еңбек сіңірген әртісі, қазылар алқасының мүшесі Кеңес Жұмабеков те қосылып биледі.
- Егер бір-ақ өлеңді өзбек театры спектакльге айналдырып, ал Наршаның рөлін ойнаған актер соншалық күшпен дағырана қақса, келесі фестиваліміз қандай болатынын елестете аласыздар ма? – деп сұрады көрермендерден қазылар алқасының төрайымы, профессор, өнертану кандидаты Сәние Қабдиева.
Концертте Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры дағыраларды самульнори классикалық құрамында ұсынды. М. Әуезовтың трагедиясы бойынша қойылған «Қарагөз» спектакліне театр ұжымы «Қазақ драматургиясын меңгергені үшін» номинациясын жеңіп алды. Қазақстан корейлер ассоцияциясының қарағандылық бөлімінің атынан театр директоры Любовь Ни ерекше сыйлық айпадпен марапатталды. Ал Республикалық неміс драма театры «Қазақстан халықтарының бірлігі тақырыбын меңгергені үшін» номинациясында жеңді. Бұл тақырып құрметті қонақтардың басты тақырыптарының бірі болды.
Қазақстан халықтар Ассамблеясының секретариат бөлімінің меңгерушісі Назипа Шанаи өзінің сөзінде Президенттің сөздерін «Глобализация кезеңінде біз мемлекет-халық ретінде тек өзіміздің мәдени кодымызды сақтап қана сақтала аламыз» келтірді.
- Ал театр – бұл біздің мәдени кодымыз үшін сақталатын жалпы халықтық тәрбиенің сахнасы мен мектебі, - деді Н. Шанаи.
Қазақстан халықтар Ассамблеясының атынан Назипа Шанаи облыс әкімшілігіне фестиваль жұмысын жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. ҚХА секретариат меңгерушісі – төрағаның орынбасары Е. Тұғжановтың алғыс хаттары қазылар алқасының барлық мүшелеріне ұсынылды.
Фестивальдің барлық алты театр-қатысушылары Қазақстан халықтар Ассамблеясының арнайы сыйлықтарына ие болды.

Ольга Моос
Қайнар көзі: «Индустриальная караганда» облыстық газеті