Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Шексіз өнер

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Қарағандыда ІІ Республикалық ұлттық театрлар фестивалі аяқталды.
Қазақстан халықтар Ассамблеясының қамқорлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және Қарағанды облысының Әкімшілігі қолдауымен Қарағанды қаласында 2013 жылдың 20-25 мамыр аралығында ІІ Республикалық ұлттық театрлар фестивалі өтті.
Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарына С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры (Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»), Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры (М. Әуезов «Қарагөз»), Республикалық неміс драма театры (Р. Конурбаев «Елім менің»), Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры (М. Изимов, М. Ушуров «Ана мираси»), Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры (Г. Шермухаммад «Жаназадағы той») және К. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры (В. Красногоров «Үш сұлу») өз өнерін көрсетті. Фестивальдің қорытындысы бойынша, театр сыншысы Қабдиева С.Д., Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі Хусаинова А.Х., Жазушылар одағының мүшесі Ерғалиев М.Х., Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жұмабеков К.Н. және театр суретшісі Сизинцев В.А. кірген қазылар алқасының шешімі бойынша театр ұжымдарына және жеке әртістерге келесі номинациялар бойынша дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді:
«Қазақ драматургиясын меңгергені үшін» Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры;
«Қазақстан халықтарының бірлігі тақырыбын меңгергені үшін» Республикалық неміс драма театры;
«Болашақ үшін тарихи естелік» тақырыбына бет бұрғаны үшін» Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры;
«Ұлттық сахналық дәстүрді сақтағаны үшін» С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры;
«Театр өнеріне көпжылдық қызметі үшін» К. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының актрисалары Штоколова Нэлли, Федоренко Тэльма және Городкова Ирина;
«Қазіргі заман ұлттық драматургиясын меңгергені үшін» Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры.

Сонымен қатар, театр ұжымдары Қазақстан халықтар Ассамблеясының Секретариаты мен Қарағанды облысының әкімшілігінен алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ қазылар алқасының және фестиваль ұйымдастырушылардың жұмысы Қазақстан халықтар Ассамблеясының Секретариаты мен Қарағанды облысының әкімшілігімен алғыс хаттармен бағаланды.