Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi

Корейский театр

  • 1/8
  • 2/8
  • 3/8
  • 4/8

Тарихқа саяхат

Твитнуть
Поделиться с друзьями |

Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері «Алматы – өнер ордасы» атты көрмеге қатысты.
3 мамыр күні Алматы қаласы тарихының мұражайында ашылған көрме республикамыздың ұлттық театрларына арналып, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне ұштастырылған. Мұражай қорынан алынған төлтума экспонаттар қойылды: фотографиялар, әртістердің жеке құжаттары, театр және ұлттық киімдер, программкалар, афишалар, әйгілі қазақстандың суретшілер салған декорация және театр киімдерінің нобайлары.
- Қазақстанда 47 мемлекеттік театр жұмыс істейді, оның төртеуі – ұлттық театрлар, - деп атап өтті көрмені ашқан Шара Боздақова, Алматы қаласы тарихының мұражайының қазіргі заман тарихы бөлімінің меңгерушісі. – Дәл біздің республикада осында корей, неміс, ұйғыр және өзбек театрлары жұмыс жасайтынын мақтан етеміз. Театр ұжымдары өз мәдениетін жоғары кәсіби деңгейде көрсетеді.
- Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры – дүние жүзіндегі ең көне ұлттық корей театры, - деп баяндады театрмен таныстыру үстінде корей театрының солист-вокалшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Зоя Ким. – Біздің ұжым Қазақстан өңірлерінде ғана емес, сонымен қатар шетелде өтетін фестивальдарға да қатысады. Мысалы, маусым айында Корея Республикасында өтетін Халықаралық театр фестиваліне қатысамыз.
Таныстыру рәсіменен кейін Зоя Ким «Соунмо» әнін орындап, ал корей театрының балет әртістері көрме қонақтарына желпуіштермен орындалатын дәстүрлі корей биін ұсынды.
Корей театрының әртістерінен қатар көрменің ашылу салтанатына Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрының әртістері, «Римон» еврей мәдениет орталығының өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының студенттері мен оқушылары қатысты.